
Федерацияның ресми сайты ашылды — жаңалықтар, федерация және қатысушы елдер туралы ақпарат.

Федерациясының өкілдері Ыстамбұл қаласында өткен VIII Этноспорт және мәдениет фестиваліне қатысты. Дүниежүзілік этноспорт одағы ұйымдастырған фестиваль түрлі елдерден келген спортшыларды, дәстүр мен мәдени құндылықтарды насихаттаушыларды бір арнаға тоғыстырды. Спортшылардың өнер көрсетуі, музыкалық бағдарламалар, ұлттық тағамдар аймақтары мен қолөнер шеберханалары — мұның бәрі іс-шараның ауқымды бағдарламасының бір бөлігі ғана. Фестиваль көрермендерінің саны бір миллионнан асты. Федерациямыздың спортшылары халықаралық аудиторияға ат үстіндегі күрестен көрсетілім ұйымдастырып, ұлттық спорт түрінің ерекшелігін паш етті. Осылайша, әртүрлі елдерден келген қонақтар бұл спорттың атмосферасын сезініп, оның техникасы мен бірегейлігін өз көздерімен көруге мүмкіндік алды. Ат үстіндегі күрес — көшпелі халықтарға ортақ мұра. Әрбір белдесудің астарында ғасырлар бойы сақталып, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан терең дәстүр жатыр. Фестивальден кейін жеке байланыстар мен қауымдастық ішіндегі өзара қолдаудың қаншалықты маңызды екені ерекше сезілді. Осындай кездесулер дәстүрлерді сақтап қана қоймай, оларды халықаралық деңгейде дамытуға да мүмкіндік береді.

Аударыспақтан ҚР құрамасы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында ойдағыдай өнер көрсетті. "Қазанат" баспасөз орталығында спортшылар, жаттықтырушы және Дүниежүзілік ат үстіндегі күрес Федерациясының және ҚР-ның Аударыспақ Федерациясының Президенті Марат Жұманның қатысуымен қорытынды баспасөз конференциясы өтті. Марат Жұман: "Мен Дүниежүзілік ат үстіндегі күрес Федерациясының президенті ретінде біздің бірінші кезектегі міндетіміз ережелерді бір ретке келтіру болғанын атап өткім келеді, өйткені әр елдің ережелері бөлек болды. Біз біріңғай ереже бекіттік. Дүниежүзілік көшпенділер ойындары бірыңғай халықаралық ережелер бойынша өтті". Аударыспақтан Қазақстан құрамасы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы жарыстарда үздік атанды. Біздің спортшылар 5 алтын және 1 күміс медаль жеңіп алды. Біз спортшыларымызды мақтан тұтамыз және ұлттық спортты қолдауды жалғастырамыз.